СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
LG SmartThinQ қолданбасын
пайдалану
LG SmartThinQ пайдалану
алдында тексерілетін нәрселер
•
логотипі бар құрылғыларға арналған
1
Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш
арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін)
тексеріңіз.
• Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым
алыс болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді.
Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін немесе
жабдық орнатылмауы мүмкін.
2
Смартфоныңыздағы Мобильді интернет
немесе Сотовые данные функциясын
өшіріңіз.
• iPhone смартфондары үшін, Настройки →
Сотовая связь → Сотовые данные
тармағына өтіп, интернетті өшіріңіз.
3
Смартфоныңызды сымсыз роутерге
қосыңыз.
28
ЕСКЕРТПЕ
• Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару
панеліндегі Wi-Fi
белгішесі жанып тұрғанын
тексеріңіз.
• Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс
істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет
қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе
сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын
қараңыз.
• LG SmartThinQ қолданбасы желілік байланысқа
немесе желілік байланысқа қатысты қандай да
бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе
қателіктерге жауапты емес.
• Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда
қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп
жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi
сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi
репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
• Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi
байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап
кетуі мүмкін.
• Желілік байланыс интернет қызметінің
провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
• Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі
қызметін баяулатуы мүмкін.
• Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі
ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу
мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен
ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір
минуттай күтіңіз.
• Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса,
оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай
ретінде қосыңыз.
• Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері
мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше
таңбаларды қолданбаңыз)
• Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI)
телефонның операциялық жүйесіне (OS) және
өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
• Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP
күйіне орнатылған болса, желіні орната
алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік
протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады)
және өнімді қайтадан тіркеңіз.
KK